22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №427 

385 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 шілде, Астана қаласы Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы  ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) «Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Б.ӘБДІРАЙЫМ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 шілдедегі №427 бұйрығына 1-қосымша «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. 2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарты қолданылатын заңдардың тізбесі: 1) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт азаматтарға құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің талаптары мен шарттарын айқындайды. 4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген. «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері № Норма-ның/ норма-тивтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалары Норманың/ нормативтің мөлшері 1. Құқық-тық ақпарат беру 1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 2. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы Жеке және заңды тұлғалар 1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша тегін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну. 2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде; қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде; қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады. 3. Егер арыз беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады. 4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту дәлелді болуға тиіс және оған жоғары тұрған органға, прокуратураға не сотқа шағым жасалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 шілдедегі №427 бұйрығына 2-қосымша «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. 2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарты қолданылатын заңдардың тізбесі: 1) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 3) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 4) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы). 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт құқықтық консультация беру тәртібін белгілейді. 4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген. «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері № Норманың/ нормативтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалары Норманың/ нормативтің мөлшері 1 Құқықтық консультация беру 1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 2. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 3. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 4. Қаулы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 6-бабының 1 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері 1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты консультациялар нысанында көрсету; 2. Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген айлық жалақының минималды мөлшерінің 1/21 есебінен ауызша және жазбаша кеңес, өтініш, арыз, өтінішхат және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды құру түріндегі көрсетілетін заңдық көмек төлемінің бір сағат үшін мөлшерлемесінің сәйкес келуі; 3. Мынадай шарттардың бірі болған кезде: 1) арыз беруші «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпаса; 2) арыз беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаса құқықтық консультация беру және өкілдік ету түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады; 4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту дәлелді болуға тиіс және оған жоғары тұрған органға, прокуратураға не сотқа шағым жасалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 шілдедегі №427 бұйрығына 3-қосымша «Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. 2. Негізде ең төмен әлеуметтік стандарты қолданылатын заңдардың тізбесі: 1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi; 2) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі; 3) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі; 4) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 5) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 6) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 7) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамызда № 1247 қаулысы (бұдан әрі- Қаулы). 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейді. 4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген. «Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері № Норманың/ нормативтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалары Норманың/ нормативтің мөлшері 1 Адвокаттардың және тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі 1. ҚР ҚПК; 2. ҚР АІЖК; 3. ҚР ӘҚБТК; 4. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 5. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 6. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республика-сының Заңы; 7. Қаулы ҚР ҚПК, ҚР АІЖК, ҚР ӘҚБТК-де белгіленген жеке тұлғалар шеңбері 1. Адвокаттардың және тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі ҚР ҚПК, ҚР АІЖК, ҚР ӘҚБТК-ніңталаптарына сәйкес көрсетіледі; 2. Бір сағатта көрсетілген заң көмегі төлемнің келесі бекітілген ставкаға сәйкес келуі: 1) сотқа дейінгі өндіріс, тергеу, анықтау сатыларында және ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасауға күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың қорғаушылары ретінде сот талқылауларына, сондай-ақ аталған қылмыстардың нәтижесінде жәбірленген адамдардың өкілдері ретінде қатысқан кезде; ҚР АІЖК 114-бабының 1-тармағында және 304-бабында тізбеленген адамдардың өкілдері ретінде азаматтық істер бойынша қатысқан кезде; әкімшілік жауапқа тартылатын адамды әкімшілік ұстау сәтінен бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған кезде; «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағында тізбеленген адамдарға құқықтық консультация беру түрінде заң көмегін көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең аз мөлшерінің 1/21 бөлігі; 2)ауыр қылмыстарды жасаған күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталғандар адамдардың қорғаушылары ретінде, сондай-ақ аталған қылмыстардың салдарынан жәбірленген адамдардың өкілдері ретінде сотқа дейінгі өндіріс, тергеу, анықтау және сот талқылауларына қатысу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін жалақысының ең аз мөлшерінің 1/15 бөлігі; 3) аса ауыр қылмыстарды жасаған күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталғандар адамдардың қорғаушылары ретінде, сондай-ақ аталған қылмыстардың салдарынан жәбірленген адамдардың өкілдері ретінде сотқа дейінгі өндіріс, тергеу, анықтау және сот талқылауларына қатысу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең аз мөлшерінің 1/10 бөлігі. Адвокаттың анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың немесе қылмыстық іс бойынша судьяның шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдарды жасау, қылмыстық, азаматтық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізумен байланысты апелляциялық, кассациялық, қадағалау және өзге де шағымдарды жасау уақытына ақы төлеу тиісті қаулымен белгіленген Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 21 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11920 болып енгізілді.